Еліміздегі пандемия кезінде туындаған қиындықтарға байланысты әлеуметтік жағдайы уақытша төмен отбасыларына көмек беру туралы.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №102 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңесі отырысының
Хаттамасы №2
Өткізілген күні: 21.11.2020 ж
Қатысқандар: қамқоршылық кеңесінің төрағасы және мүшелері -5 адам
ДТІЖО Г.Маханова
Хатшы Б.Амирова
Күн тәртібі:
- Еліміздегі пандемия кезінде туындаған қиындықтарға байланысты әлеуметтік жағдайы уақытша төмен отбасыларына көмек беру туралы.
Тыңдалды: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Төлегенов күн тәртібіндегі мәселеге тоқталып, еліміздегі пандемияға байланысты көптеген отбасыларының қиындыққа ұшырап отырғанын айта келе, оларға әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігін айтты. Осы мақсатта демеушілерді ұйымдастырып Достық тұрғын алабының көмек қажет ететін отбасыларын анықтап, көмек беруді ұсынды.
ДТІЖО Г.Маханова осы аталған мәселеге байланысты әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасының тізімін қарауға ұсынды.
Қамқоршылық кеңесі мүшелері бірлесе отырып тізімде көрсетілген отбасыларына көмек көрсетуді қолдады. Демеушілер тарапынан көмек көрсетуді ұйғарды.
Қамқоршылық кеңестің шешімі:
- Демеушілер тарпынан әлеуметтік көмек қажет ететін 5 отбасына азық- түлікпен көмек көрсетілсін.
Кеңес төрағасы: Төлегенов Н.Н
Мүшелері: Байдалинов Е.М
Кожабергенов Т.Т
Мешитбаева А
Сапакбаева А
Хатшы: Б.Амирова