Школа №102
Телефоны приемной:
(8723) 21-28-52
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
13
октябрь
2021
0

2021-2022 оқу жылына «Мектепке жол» акциясы

Шымкент  қаласы   білім  басқармасына  қарасты №102  жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі

 Қамқоршылық  кеңесі   отырысының

                                                         Хаттамасы №1

Өткізілген күні:   28.08.2021 ж

Қатысқандар: қамқоршылық кеңесінің төрағасы және мүшелері -5 адам

ДОІЖО  Маханова   Г.К,

  Хатшы Б.Амирова

Күн  тәртібі:

  1. Жаңа 2021-2022 оқу жылына    «Мектепке жол»  акциясы аясында  атаулы   әлеуметтік  көмек  алатын балаларына білім алуға қажетті кеңсе  заттарына, мектеп  формасына   «Жалпыға  міндетті  білім   қорынан» бөлінген қаржылай   көмекті  ұйымдастыру  туралы.


Тыңдалды: ДОІЖО  Г.Маханова

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес атаулы әлеуметтік  көмек алуға  құқығы   бар балаларға жыл  сайынғы дәстүрлі  республикалық «Мектепке жол» акциясы  аясында тұл жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан, көп балалы отбасының    балаларына білім алуға қажетті кеңсе   заттарына, мектеп  формасына  «Жалпыға   міндетті  білім  қорынан»   бөлінген қаржылай  көмекті  ұйымдастыру бойынша Қамқоршылық  кеңесі   отырысына ұсыныс жасады.

Мектебіміз бойынша әлеуметтік көмек алуға 230 оқушының ата - анасы  өтініш тапсырды. 

 Жалпыға міндетті білім қорынан  бөлінген   (6.900.000тенге) қаржылай  көмекті әлеуметтік  жағдайы   төмен отбасынан шыққан мектептің 230 оқушысының  әрқайсысына 30 000 (отыз мың) теңгеден беруге ұсынылып  отырғанын  айтты.

ТЫҢДАЛДЫ: Б.Амирова – әлеуметтік педагог сөз кезегінде, қорғаншы-қамқоршы, патронаттық тәрбиешілер және ата-аналар тарапынан әлеуметтік жағдайына байланысты мектепке қажет киім-кешек, аяқ киім, канцелярлық заттар алуға қаржылай көмек   алуға білім алушылардың тізіміне енгізу туралы өтініштер түскенін айтып өтті,  құжаттарын  қарауға   ұсынды. 

Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының өтінішіне төмендегі растау құжаттары қоса береді:
 
Міндетті білім қорынан қаржылай көмекпен қамтамасыз етілетін білім алушылар тізімі   (қосымша   - 1)  көрсетілген.

Қамқоршылық  кеңесі  ұсынылған   құжаттарды  зерделей  келе   берілген  өтініштердің  қанағаттандырылуын  ұсынды.


Қамқоршылық   кеңестің  шешімі: 

  1. «Мектепке  жол»   акциясы  бойынша әлеуметтік  көмекке   өтініш  берген  230   ата – ананың  өтініші  қанағаттандырылсын.


Кеңес   төрағасы:                             Төлегенов Н.Н

Мүшелері:                                        Байдалинов Е.М

                                                          Кожабергенов Т.Т

                                                          Мешитбаева А

                                                          Сапакбаева А

            Хатшы:                                             Б.Амирова 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив